ТОКИО-2020: Руслан Курбанов семсерлесуден 1/16 айналымға өтті

ТОКИО-2020: Руслан Курбанов семсерлесуден 1/16 айналымға өтті
Сурет: Olympic.kz

Токиода Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні жалғасуда. 

Бүгін шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов алғашқы айналымда жеңіске жетті деп деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 


Курбанов бірінші айналымда италиялық Марко Фихерамен кездесіп, қарсыласын 15-7 есебімен ұтты. 


Русланның келесі айналымдағы қарсыласы Масаду Ямада (Жапония) - Роман Петров (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы болмақ.