Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» саммитіне қатысады

Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» саммитіне қатысады
Сурет: Elorda.info

Саммитте әлемдегі өзекті мәселелер талқыланады.

Ертең, 13 қаңтарда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу  үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды.