Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады Сурет: Bbc.com

Үндістан халқына және Үкіметіне көңіл айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге  Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және Үкіметіне көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.



Еске сала кетсек, Үндістанның батысындағы Гуджарат штатындағы аспалы көпірдің құлам, 141 адам қаза тапқан болатын. Олардың арасында хабар-ошарсыз кеткендер де бар. Көпір ұзақ жөндеуден өткен. Қолданысқа берілген көпір бірнеше күн өткен соң құлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52