Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесіне қатысады

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесіне қатысады
Сурет: Satbayev.university

Іс-шара Қазақстанның төрағалығымен өтеді.

14 қазанда елордамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесіне қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы күнге «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады.

11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.

12-13 қазанда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.

13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.