Тоқаев президент сайлауы науқанына қатысты пікір білдірді

Тоқаев президент сайлауы науқанына қатысты пікір білдірді
Сурет: Baq.kz

Жаңа электоралды кезеңге қадам бастық. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Президент сайлауы науқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

«Президент сайлауы жарияланғаннан кейін дайындыққа жеткілікті уақыт өтті. Бүгінде сайлау науқаны қарқын алғанын көріп отырмыз. Үміткерлер ұсынылып, партиялар мен қоғамдық қозғалыстар белсенділік танытып жатыр. Ішкі саяси өмірдің жанданғаны көрініп тұр. Біз барлық негізгі саяси институттарды жаңғыртатын жаңа электоралды кезеңге қадам бастық. Өздеріңізге мәлім, мен еліміздегі ең ірі AMANAT партиясының Төрағасы қызметінен бас тарттым. Конституциялық реформа нәтижесінде Президентке өз өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болуға тыйым салынды», - деді Мемлекет басшысы.