Тоқаев Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айтты

Тоқаев Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айтты
Сурет: Ашық дереккөз

Ұшақ апаты

Мемлекет басшысы Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы жеделхатта Непал Президентіне және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.