Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды

Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды
сурет:egemen.kz

Еліміздің бірқатар министрліктерінде өзгерістер болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын», - деп жазылған құжатта.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Үкіметке ҚР Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдардың жəне оларға ведомстволық бағынышты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді» тапсырды.

«Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің мирасқоры болып айқындалсын», - делінген Жарлықта.