Тоқаев Қостанай облысындағы өрт бойынша нақты тапсырмалар берді

Тоқаев Қостанай облысындағы өрт бойынша нақты тапсырмалар берді
Сурет: Calend.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Барлық мемлекеттік органның жұмысын Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов үйлестіреді. Олар Мемлекет басшысына өртті ауыздықтау және елді мекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы жедел баяндап отыр.

Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өртті сөндіру шараларына басымдық беруді тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берілді.

Өртке қатысты тек сенімді деректерге ғана сүйенуіңізді сұраймыз!

ТЖМ жедел желіні іске қосты.

8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24.

Зардап шеккендермен психологтар жұмыс істеп жатыр. Көмекке мұқтаж жандар болса 112 және 101 телефондарына хабарласса болады.