Тоқаев Қошановты қабылдады

Тоқаев Қошановты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мәжіліс Төрағасы парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президентке VIII сайланған Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы мәлімет берілді.

Ерлан Қошановтың баяндамасынан:

▪️сессия басталғаннан бері Мәжіліс депутаттарының қарауында 75 заң жобасы болды. Оның 14-і қабылданып, Сенатқа жолданды;

▪️қазіргі уақытта депутаттардың қарауында онлайн-платформалар, заңсыз сатып алынған активтерді қайтару, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау, тұрғын үй қатынастарын жетілдіру туралы заң жобалары бар;

▪️сайлаушылармен жұмыстың күшейтілгені туралы айтты. Азаматтарды қабылдау, комитеттердің салалық және көшпелі отырыстары тұрақты өткізіліп тұрады. Депутаттар халықтың өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарды жиі жолдай бастады;

▪️жуырда 2022 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді;

▪️Мәжіліс Төрағасы парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтты;

▪️Мәжіліс биыл маусым айында Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылатын Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының бірінші отырысын өткізуге дайындалып жатыр.