Тоқаев Конституциялық Соттың бірқатар судьясын тағайындады

Тоқаев Конституциялық Соттың бірқатар судьясын тағайындады
Сурет: Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Конституциялық Соттың бірқатар судьясы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;

Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

Роман Анатольевич Подопригора Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды.