Тоқаев Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мырзалинді қабылдады

Тоқаев Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мырзалинді қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Елшіге бірқатар міндет жүктеді. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.