Тоқаев Google-де істейтін қазақ қызын елге шақырды

Тоқаев Google-де істейтін қазақ қызын елге шақырды
Сурет: Sn.kz

Президент шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандық ІТ мамандармен кездесті.

Google компаниясының инженер-программисі Арай Сабыржан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік IT компаниядағы жұмысынан алған әсерін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Арай Сабыржан 2017 жылы Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған. 2018 жылы Сан-Францискоға көшіп, бірнеше стартап-компанияда жұмыс істеген. Ал қазір Google компаниясында виртуалды машиналар бағдарламашысы болып қызмет етеді.

Президент одан Google-дағы келісімшарты қысқа мерзімді ме деп сұрады. Арайдың айтуынша, келісімшарт ұзақ мерзімді.

Осы орайда Мемлекет басшысы қазақ қызына елге оралуды ұсынды.

«Қазақстанға қайтып келсеңіз, мен сізді Үкіметке қояр едім ғой. Жақсы, енді байланыста боламыз ғой. Америкада жақсы, бірақ Қазақстан деген керемет қой. Мен Қазақстанда істей аласыз деп ойлаймын», - деді Тоқаев.