Тоқаев Еуропалық Кеңестің президентімен кездесті

Бірқатар екіжақты келіссөздер жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельді «Ақорда» резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельді «Ақорда» резиденциясында қарсы алды», - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше елордалық әуежайда мәртебелі мейманды еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Сапар аясында Еуропалық Кеңес президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөздер жоспарланған.