Тоқаев ЕАЭО ауқымындағы еңбек миграциясы мен туризм саласына қатысты ұсыныс айтты

Тоқаев ЕАЭО ауқымындағы еңбек миграциясы мен туризм саласына қатысты ұсыныс айтты
Сурет: Eec.eaeunion.org

Жаңа тәсілдерді ұсыну маңызды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек миграциясы мен туризм саласына қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Еңбек миграциясы мәселесіне де ерекше назар аудару қажет деп есептеймін. Қазіргі сын-қатерлер бұл саланың маңызды екенін айқындай түседі. Бір орында тұрып қалмай, жаңа тәсілдерді ұсыну маңызды. Соның ішінде жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру рәсімдерін жеңілдету, еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер беру ісіне жаңа тәсілдер керек. Азаматтар интеграциялық жобаның пайдасын толық сезінуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы туризм саласына тоқтала келе, бұл бағытта Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті зор екенін айтты.

«Комиссия үкіметтермен бірлесе отырып, осы салада маңызды әрі шынайы жобаларды әзірлей алады», - деді Қазақстан Президенті.