Тоқаев бизнес өкілдерін мектеп, балабақша, аурухана салуға шақырды

Тоқаев бизнес өкілдерін мектеп, балабақша, аурухана салуға шақырды
Сурет: Ашық дереккөзі

Балабақша, мектеп, аурухана салуға инвестиция құю маңызды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуде шет қалмауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Адами капиталға, атап айтқанда, заманауи балабақшалар, жайлы мектептер, ауруханалар, іргелі университеттер салуға, туризмді дамытуға инвестиция құю да маңызды. Сіздер қайырымдылық істер жасауды жалғастыра беретіндеріңізге сенімдіміз. Қазір елімізде мектептердің, студенттер жатақханаларының, жастарға арналған спорт ғимараттарының тапшылығы сезіледі. Сіздердің көмектеріңіз ел үшін елеулі болар еді», – деді Президент.