Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға келді

Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға келді
Сурет: Akorda.kz

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.