ТМД Парламенттік Ассамблеясы ұлттық заңнамаларды жетілдіруге үлкен үлес қосып келеді – Мәулен Әшімбаев

ТМД Парламенттік Ассамблеясы ұлттық заңнамаларды жетілдіруге үлкен үлес қосып келеді  – Мәулен Әшімбаев Сурет: Vecher.kz

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.


Алматыда ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Сенат спикерінің айтуынша, бүгінге дейін Ассамблея 600-ден астам модельді заң мен басқа да құжаттарды әзірлеп, қабылдады. ТМД елдерінің Парламенттері оларды өз мемлекеттерінің құқықтық базасын қалыптастыру кезінде белсенді пайдаланды.



«Ассамблея аясында халықаралық конференциялар мен форумдар тұрақты түрде өтіп келеді. Ондай ауқымды жиындарда көші-қон, экология, терроризм және экстремизммен күрес салалары, сондай-ақ басқа да маңызды бағыттар бойынша бірлескен шаралар талқыланып, әзірленеді. Сондықтан қазіргі таңда ТМД Парламентаралық Ассамблеясын ең тиімді парламентаралық бірлестіктердің бірі деп есептейміз», – деді Сенат Төрағасы.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09