ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары елордада жиналды

ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары елордада жиналды
Сурет: Іnform.kz/kz

Келелі кеңес!

Үйлестіру кеңесінің кезекті 31-отырысында адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, сотқа дейінгі тергеуді қадағалау, жоғары технологияларды енгізу, сыбайлас жемқорлықпен және лаңкестікпен күрес міндеттері бүгінгі жиналыс тақырыбына арқау болды. Фемида өкілдерінің Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосып жатқан зор үлесі туралы да сөз болды.

Спикерлер «заң алдында жұрттың бәрі тең» деген қағидат аясында прокуратура орыны аса маңызды екенін айтты. Қазақстан кеңес жанындағы бақылау органдарының көп жылдық жұмысын жоғары бағалайды.

Шара барысында ведомстволар өзара тәжірибе бөлісіп, соңғы жылдардағы жетістіктерін ортаға салды. Жаңа бағыттар айқындалды.

«Сіздерді Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 31-отырысының ашылуымен құттықтап, жұмыстарыңызға сәттілік тілеуге рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та үйлестіру кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөліп келеді», - деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.