ТМД-лықтар минаны бірігіп тазалайтын болды

ТМД-лықтар минаны бірігіп тазалайтын болды
Сурет: Тwitter.com

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісім 2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалды.

 Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Келісімнің мақсаты – гуманитарлық минисыздандыру тапсырмаларын орындау үшін бірлескен бөлімшені құру, қолдану, оның қызметін аяқтау тәртібін және мәртебесін айқындау. Бірлескен бөлімшенің негізгі міндеттері – мина алаңдарына және жарылу қаупі бар заттардың болуына техникалық барлау жасау, сондай-ақ оларды минасыздандыру», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.