ТМД-ға мүше елдер арасында Халықаралық мектеп спорты фестивалі өтеді

ТМД-ға мүше елдер арасында Халықаралық мектеп спорты фестивалі өтеді
сурет: Inform.kz

Фестивальге 400-ден астам адам қатыспақ

Биылғы 15-20 қараша күндері Уфа қаласында (Ресей) ТМД-ға мүше елдер арасында ІХ Халықаралық мектеп спорты фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
ТМД Парламентаралық ассамблеясы Кеңесі хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фестивальге Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен құрама командалар тобында 400-ден астам адам қатысатыны күтілуде. Іс-шара шеңберінде дәстүрлі түрде шағын футболдан, волейболдан, 3х3 баскетболдан, үстел теннисінен, бадминтоннан, шахматтан жарыстар өтеді. Қатысушылар үшін сондай-ақ ауқымды мәдени білім беру бағдарламасы әзірленген: экскурсиялар, Башқұртстан халқының мәдениетімен және дәстүрімен танысу, танымал спортшылардан шеберлік сабақтар, кино көру және би кештері. ТМД-ға мүше елдер арасында Халықаралық мектеп спорты фестивалін өткізіп тұру бастамасын 2012 жылы Бүкілресейлік мектеп спорты федерациясы көтерген. 2013 жылдан бері іс-шара РФ-нің түрлі өңірлерінде ұйымдастырылып келеді.