ТМД байқаушылары үгіт-насихат жұмыстары барысында кемшілік анықтаған жоқ

ТМД байқаушылары үгіт-насихат жұмыстары барысында кемшілік анықтаған жоқ
Сурет: Almaty.tv

ТМД байқаушылары миссиясы елімізде өтіп жатқан Мәжіліс және мәслихаттар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары барысында кемшіліктерді анықтаған жоқ.

Бұл туралы аталған миссия басшысы Леонид Анфимов айтты. Оның айтуынша, еліміздің Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын қалай жоғары кәсіби тұрғыда дайындау және өткізу керектігін көрсеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

«Бүгінге дейін үгіт-насихат науқанын өткізу, депутаттыққа кандидаттарды ұсыну барысындағы заң бұзушылықтар, сайлау алдындағы күрестегі әділетсіздіктер жайында бірде-бір кемшілік таппадық, ондай ақпарат та жоқ. Бәрі де өркениетті түрде жүргізіліп жатыр. Кезектен тыс депутаттар сайлауына өз кандидатурасын ұсынған азаматтардың барлығы лайықты тұлғалар», - дейді ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Леонид Анфимов.