Тіс емдеуге барсаңыз, өте сақ болыңыз!

Тіс емдеуге барсаңыз, өте сақ болыңыз! Сурет: Orda.kz

Алматылық ер адам осыдан екі жыл бұрын стамотологиялық креслода көз жұмған қызының қазасына байланысты әлі әділдік іздеп жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл өлімнің орын алуына ол дәрігердің сауатсыздығы себеп болған дейді. Айтуынша, наркозда жатқан науқасқа препаратты тексермей салып жіберген.


Almaty.tv арнасының ақпаратына жүгінсек, қызының қазасынан қабырғасы қайысқан азамат екі жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келеді. Сөзіне қарағанда, қызы өзінің үйлену тойының алдында тісін жұлдыру үшін барған. Алайда тіс емханасынан әкесі өз аяғымен барған қызының табытын алып қайтқан. 



«Кім кінәлі дейсіз бе? Олар бәрін алдын ала ескеруі тиіс еді. Олар дәрігерлер емес пе? Клиника жұмысын әлі де жалғастырып жатыр. Қызмет көрсету тізімі көбеймесе, азайған жоқ. Ал марқұм қызым онда тісін жұлдыруға барған еді... Бірақ тергеу тым созылып кетті», - деді марқұмның әкесі Александр Сергеев.



Ойы сан-саққа бөлінген әке «ақ халаттылар қызымның есін жиғызбақ болып, кеуде тұсына қатты қысым жасаған»дейді. Өйткені төс сүйегі мен бірнеше қабырғасының сынғаны анықталғанын айтып отыр. Тіпті, қызының түбіне жеткен екпені де біледі екен. Бірақ клиникадағы мамандар мұны теріске шығарса керек. Медициналық мекеменің маңайына да жуытпай, азаматқа жауап қатпаған.



«Дәрігердің айтуынша, жалпы наркоз салып ұйықтатқан. Содан соң ауыз қуысын жансыздандыру үшін "убестезин" деген дәріні салған. Медициналық сараптама кезінде осы препарат болған. Сол дәрі өлімге алып келуі мүмкін. Олар қазір өздерін мүлде кінәліміз деп санамайды. Бәрі хаттама бойынша ақталып отыр. Қайдағы хаттама? Менің хаттамам табытта жатыр», - деп күйінеді марқұмның әкесі Александр Сергеев.



Екі жыл бұрын басталған даулы мәселеге қатысы бар деген клиникаға арнадағы әріптестеріміз де барып көрген.  Жекенің меншігіндегі медицина орталығы журналистерді "білмейміз", "көрмедік" деп қана шығарып салған. Ал кейіпкер кінә тағып отырған тіс дәрігері қызметте өсіп, клиниканың бас кеңсесінде жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді. Мұнда да бас дәрігер сұхбат беруден бас тартқан.



«Әзірше кім кінәлі екені белгісіз. Біздің мақсатымыз - толық зерделеп, тексеру. Медициналық қылмыс ұзақ тергеледі, өйткені бір емес, бірнеше маман жұмылдырылады. Олар да жан-жақты зерттеу жүргізеді. Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-тармақтары тіркеліп, қазіргі таңда қосымша кешенді сот медициналық сараптама тағайындалды», – деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



Фарм-бақылау комитетінің мәліметінше, былтырдың өзінде 7 мыңға жуық шағым келіп түскен. Оның ішінде 350 іс тіс дәрігерінің жұмысына қатысты. Ал кезектен тыс тексеріске түскен 43 тіс емдеу клиникасында қызмет көрсету стандарты бұзылғаны анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, келген науқастардың денсаулығына қатысты анықтама қағазы толтырылмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26