Тыңайтқыш сатып табыс тапқандар ұсталды

Тыңайтқыш сатып табыс тапқандар ұсталды Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында полицияның жедел уәкілдері аса ірі мөлшердегі гербицид ұрлығын ашу үшін 7 елді мекенге барып, нәтижесінде күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бірінің қауіпсіздік қызметінің бастығы жүгінді. Ол жалпы соммасы 34 млн теңге болатын гербицид құйылған 84 қораптың ұрланғанын айтқан. Улы химикат құлыпты бұзу арқылы қоймадан ұрланған. Қылмысты ашуға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл аудандық криминалдық полиция қызметкерімен бірлесіп, ұрланған заттардың сатылуы мүмкін орындары туралы ақпаратты тексеру үшін ауқымды жұмыс атқарды. Үш күнде олар Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарындағы 11 адамды тексерді. Нәтижесінде СҚО Тайынша ауданының 22 мен 32 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Ұрланған гербицидтер ұсталғандардың бірінің туысының үйінен табылып, тәркіленді.


photo





«Қазіргі уақытта күдіктілер Ақмола облысында қамауда отыр. Ұрлық фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары өз нысандарының техникалық нығайтылуына мән берулері қажет. Бейнебақылау жүйесі, мықты есік пен құлыптар, терезелердегі торлар, күзет пен басқа да қорғау құралдары қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғайды», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24