Тимофей Скатов "Ролан Гаррос-2023" турнирін жеңіспен бастады

Тимофей Скатов "Ролан Гаррос-2023" турнирін жеңіспен бастады
Сурет: Ашық дереккөз

Ойын кезінде Тимофей Скатов бірде-бір эйс жасаған жоқ

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (әлемнің 147-ракеткасы) Франция ашық чемпионатының ("Ролан Гаррос") іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші канадалық Габриэль Диалломен (әлемнің 146-ракеткасы) ойнап, оны екі сетте 6:4, 7:6 жалпы есебімен жеңді. Матч 1 сағат 52 минутқа созылды.

Ойын кезінде Тимофей Скатов бірде-бір эйс жасаған жоқ және 3 қос қате жіберді, сонымен қатар 9 ұпай мен 9 ойынды қатарынан жеңді.

22 жастағы Тимофей Скатов - әлемдік рейтингідегі Александр Бубликтен (АТР бойынша 48-орын) кейінгі Қазақстанның екінші ракеткасы.