TikTok биыл Google-ды басып озды

TikTok биыл Google-ды басып озды
Сурет: Dariknews.bg

Өткен жылы ең көп қолданылған сервис Google  болған.

Cloudflare америкалық компаниясының мәліметтері бойынша, TikTok қысқа бейне бөлісу қызметі өткен жылғы көшбасшы болған Google-ды (Alphabet Inc холдингіне қарасты) басып озып, 2021 жылы әлемдегі жұрт ең көп кіретін интернет-домен болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Cloudflare блогындағы хабарламаға сәйкес, TikTok алғаш рет 17 ақпанда бірінші орынға шықты және 10 тамыздан бері көрушілер саны бойынша Google-ды үнемі басып озып келген.

Қытайлық ByteDance Ltd компаниясына тиесілі TikTok бұған дейін ай сайынғы белсенді қолданушысының саны миллиардтан асқанын хабарлаған болатын.

Өтіп бара жатқан жылдың қолданушылар ең көп кірген домендері (веб-сайттар мен қосымшаларды қоса алғанда) тізімінде үшінші орынды Facebook әлеуметтік желісі, төртінші орынды – Microsoft, бесінші орынды – Apple иеленді. Үздік ондыққа сонымен қатар Amazon, Netflix, YouTube, Twitter мен WhatsApp кіреді.