Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша 1 кезеңнің санақ персоналын іріктеу туралы конкурс жариялау

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, анықтама үшін телефон: 8 (727) 330-89-16, 8 (727) 375-21-88, электронды почта almatystat@mail.ru, өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша санақ персоналын  іріктеу туралы конкурс жариялайды:

  1. Нұсқаушы-бақылаушы (48 бірлік, 2021 жылғы мамыр-шілде), лауазымдық жалақысы 125 000 теңге.
  2. Тіркеуші (618 бірлік, 2021 жылғы 01 маусымнан бастап 30 маусымға дейін), лауазымдық жалақысы 83 000 теңге.

Кәсіптік білім деңгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: талдамалық пайымдау, ықпал ету, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close