Тері бұйымдарының импортынан түсетін салық 40 пайызға өсті

Тері бұйымдарының импортынан түсетін салық 40 пайызға өсті
Сурет: Aikyn.kz

Жартыжылдықты қорытындылаған Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті елімізде төрт тауар түріне міндетті таңбалау енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Елде төрт тауар тобы бойынша міндетті таңбалау енгізілді. Енді тері, темекі бұйымдары, аяқ киім және дәрі-дәрмектер таңбаланады. Тері бұйымдарын таңбалау нәтижесінде импорттан түсетін кедендік баж және салық көлемі 40 пайызға өсті. Атап айтқанда, 372,3 млн-нан 516,2 млн теңгеге дейін. Ал, осы қызмет бойынша ішкі салық түсімдері 430,8 млн теңгеден 648,6 млн-ға дейін артты», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

Бұған қоса, Сауда министрлігіне қарасты орган көліктерге SOS батырмасын орнату міндеттелмейтінін хабарлады.