Теннистен Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді

Теннистен Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді
Сурет: 24.kz

Ұлттық құрама 13-орыннан 9-сатыға көтерілді.

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық теннис федерациясы (ITF ) Дэвис кубогы рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ұлттық құрама 13-орыннан 9-сатыға көтерілді. Осылайша Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді. Бұл Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Норвегия құрамасын жеңуі арқасында мүмкін болды. Сөйтіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.

Дэвис кубогының финалдық кезеңі биыл қыркүйек айында, плей-офф бәсекелері қарашада өтеді. Финал мен плей-офф ойындары болатын қалалар наурыздың аяғы не сәуірдің басында анықталады.