Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы үздік ондыққа енді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы үздік ондыққа енді
Сурет: Sport.insure

Қазір қазақстандық құрама тоғызыншы орында тұр. 

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап.

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды. Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты: 1.Аустралия - 1002,71 ұпай; 2,Франция - 885,6; 3.Испания - 884,62; 4.Чехия - 842,92; 5.Швейцария - 881,81; 6.Канада - 780,09; 7.АҚШ - 758,09; 8.Словакия - 744,23; 9.Қазақстан - 704,75; 10.Германия - 702,52.