Теннисшілеріміздің аяқ алысы жақсы

Теннисшілеріміздің аяқ алысы жақсы
Сурет: Аrthouseadler.ru

Қазақстандық спортшылар теннистен жақсы өнер көрсетуде.

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыста екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бублик, Путинцева және Рыбакина екінші айналымға өтті. Дәл қазір АҚШ-тың Цинциннати қаласында теннистен әлем мықтыларының бәсекелері өтіп жатыр. Ерлер арасындағы сында қазақстандық Александр Бублик жергілікті спортшыны жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Ал қыздар арасында тағы бір жерлесіміз Юлия Путинцева алғашқы айналымда Қытай, ал Елена Рыбакина Австралия өкілдерін айқын басымдықпен ұтты.