Теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды

Теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Алматы ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген еді. Олар финалда доданың 1-ракеткалары, ресейліктер Амина Аншба - Софья Лансеремен бас жүлдені сарапқа салды. Финалға сай тартысты өткен бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:4), 5:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Ж. Құламбаева жұптық сында өзінің спорттық жолындағы 18-титулына қол жеткізді.

Жібектің Алматы жарысының абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол ертең жекелей сында да финалдық матчын өткізеді.