Теннис: Спортшыларымыз Ресейдегі халықаралық бәсекеде бақ сынайды

Теннис: Спортшыларымыз Ресейдегі халықаралық бәсекеде бақ сынайды
Сурет: Оlympic.kz

Теннисшілеріміз сынға түспек

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, 1-5 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург қаласында үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған турнирге Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан спортшылары қатыспақшы. 

Қазақстан намысын 15 жастағы Абдулла Мамай (Түркістан облысы) мен 14 жастағы Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы) қорғайды.