Теннис. Қазақстан-Шри-Ланка - 3:0

Теннис. Қазақстан-Шри-Ланка - 3:0
inform.kz

Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Үндістанның Нью-Дели қаласында жасөспірімдер арасында Davis Cup кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстан құрамасы D тобында Шри-Ланка, Таиланд және Вьетнам командаларымен ойнайды.

Қазақстандық жасөспірімдер бүгін бастапқы кездесуінде Шри-Ланка теннисшілерін жеңді.

Бірінші болып кортқа шыққан Әмір Омарханов Тила Дисиянакимен бәсекенің бірінші партиясында қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Тартысты өрбіген екінші сет соңында Әмір брейк жасай алды – 7:5.

Екінші ойында Данир Қалдыбеков Вишин Нилавераны 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Жұптық сында Әмір Омарханова Виталий Зацепинмен бірге бір сағаттан сәл астам уақытта В.Нилавера – Лисал Гунитилекені тізе бүктірді – 6:4, 6:4.

Осылайша қазақстандықтар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.