Теннис: Бейбіт Жукаев ширек финалға өтті

Теннис: Бейбіт Жукаев ширек финалға өтті
Сурет: Оlympic.kz

Бейбіт қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев «Дәулет» теннис орталығында ITF World Tennis Tour M 25 сериясы бойынша өтіп жатқан жарыстың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жукаев екінші айналымда отандасы Григорий Ломакинмен бақ сынасты. Ақтау теннис мектебінің түлегі 1 сағат 8 минутқа созылған матчта 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бейбіт Жукаев бәсеке барысында 10 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Бейбіт жартылай финалға шығу үшін канадалық Филипп Пеливомен таласады. Бір апта бұрын қазақстандық теннисші алғашқы айналымда осы спортшыға тартысты матчта 1:6, 6:2, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберген болатын. Дегенмен Бейбіт Жукаев сол турнирде ресейлік Андрей Кузнецовпен бірге жұптық сында жеңімпаз атанған еді.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев елорда додасының екінші айналымында поляк Михал Дембектен 4:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.