Теңгеге сұраныс артып келеді

Теңгеге сұраныс артып келеді
kursiv.kz

Мәскеу биржасында теңгеге деген сұраныс күрт көбейіпті

ҚР Ұлтық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұл құбылысты жақсылыққа жорып отыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, дүрбелең кезеңдерді ескермегенде, теңге биыл айтарлықтай тұрақты валюта екенін көрсетті. Түрлі факторлардың ықпалынан дәл осы рубльге шаққанда теңге аздап құлдырады. Қазіргі жағдайды ескере отырып, теңге күшейеді деп болжауға болады.

«Валюта Мәскеу биржасында саудаланып жатыр, бұл – жақсы көрсеткіш. Теңгеге сұраныс бар деген сөз. Менің ойымша, бұл тренд теңгенің доллар мен басқа валюталарға қатысты нығаюына мүмкіндік береді. Инфляцияға да оң әсерін тигізеді. Себебі біз тауарлар мен азық-түліктің бір бөлігін Ресейден тасимыз. Ал рубль-теңге паритетіне келсек, теңге нығаятын сияқты», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.