Теңге нығайып келеді - сарапшы

Теңге нығайып келеді - сарапшы
Сурет: Ult.kz

 Қазақстан қор биржасындағы орташа бағам 473 теңге 95 тиынға теңесті.

Жұма күнгі деректермен салыстырғанда, төл валютамыз долларға шаққанда 3 теңгеге күшейген. Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев мұны салық апталығымен байланыстырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы мұнайдың арзандауы, доллар индексінің өсуі секілді теріс сыртқы факторлар болғанымен,  бұл қысымдар теңгеге әсер етпейтінін жеткізді. Оның айтуынша, доллар валютасы бағамының алдын ала әлсіреуі сыртқы күйзелістердің салдарын білдіртпеу мақсатында қолға алынған. Бұл болжамда ағымдағы жылдың бюджет параметрлері ескерілген. Түзетуден кейін есеп айырысу бағамы бір доллар үшін 460 теңге деңгейінде белгіленді. Чеботаревтің пікірінше, жаңа сыртқы толқулар болмаса, ұлттық валюта осы аралықта тұрақтап қалуы әбден мүмкін.