Теңге нығая бастады

Теңге нығая бастады
Сурет: Ainews.kz

Бір доллар  437 теңге болды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 437-ге дейін нығайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Алғашқы мәмілелер осындай көрсеткіш бойынша жасалды. 

Айта кетейік, ұлттық валютамыздың нығаюының негізгі факторлары ресей рублі бағамының және Brent маркалы мұнай бағасының өсуі болып табылады.  “Қара алтын” құны соңғы тәулікте 1% шегінде, яғни, барреліне 106 долларға дейін артты.

Еске сала кетсек, Қазақстан қор биржасында (KASE) 2022 жылғы 3 мамырда сағат 17:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 441,65 теңге болды. 29 сәуірдегі сағат 17:00-дегі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 445,62 теңге) ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 3,97 теңгеге нығайған. 

Дәл қазір ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 441 теңге, сату - 445 теңге.