Теңге есімді қанша қазақ бар?

Теңге есімді қанша қазақ бар?
Сурет: Қ.Қоныспаев

Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңгенің туған күні.

Кейбіреулер үшін «теңге» тек ақшаны білдіретін атау болса, біреулердің есімі осы сөзбен байланысты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда Тенге есімді 72 адам тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұдан басқа тағы 12 адам Теңге есімімен тіркелген. Сонымен Қазақстанда 84 адамның есімі ұлттық валютамен аттас.

Сондай-ақ 10 қазақстандық Тенгебай есімін алып жүрсе, тағы үш азамат Теңгебай болып тіркелген. Ұлттық валютаға қатысты тағы бір атау –  Ақтенге деген 90 адам бар және 56 қазақстандық Ақтенге ретінде тіркелген.