Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды

Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды Olympic.kz.

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы алтынын жеңіп алды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz. сілтеме жасап. 


48 келіде жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов финалда таиландық Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберіп, өзінің әлемдегі мықтылығын дәлелдеді. 


Жекпе-жек толығымен қазақстандық спортшының басымдығымен өтті. Теміртас салқынқандылығынан танбай, таиландтық боксшыға артық соққы жұмсатпай, үш раундты да бір деммен өткізді. 


Айта кетелік, Теміртас Жүсіпов бұған дейін әлем чемпионаттарында жүлде алмаған. Ол Азия чемпионы, әскерилер арасындағы әлем чемпионы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы. 



"Бұл жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын! Жанкүйерлерге қолдауы үшін алғысым шексіз. Финалдық кездесу болған соң, психологиялық тұрғыдан қиындау болды.


Ал қарсыласым туралы айтар болсам... Ол өте ыңғайсыз, жылдам қимылдайтын боксшылар екен. Алайда, бапкерлерімнің айтуымен жекпе-жек барысында оны жеңудің жолын таптым.


Барша халқыма маған қолдау көрсеткені үшін бас иіп, рахметімді айтамын", - деді Теміртас. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31