Теміржол компаниясына 485 млн теңге айыппұл салынды

Теміржол компаниясына 485 млн теңге айыппұл салынды
Сурет: Ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін тіркелді

Атырау облысында "РТИ-АМӨЗ" ЖШС-ға айыппұл салынды. Оған монополиялық ережені теріс пайдаланды және негізсіз жоғары баға белгіледі деген айып тағылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген тексеру барысында "РТИ-АМӨЗ" ЖШС іс-әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін тіркеді. Атап айтқанда, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және монополиялық ережені теріс пайдалану сипатында заңбұзушылықтар орын алған.

"Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент "РТИ-АМӨЗ" ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады", - делінген БҚДА хабарламасында.

 Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен "РТИ-АМӨЗ" ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді.