Теміржол вокзалдарының анықтама қызметіне қоңырау шалу тегін болмақ

Теміржол вокзалдарының анықтама қызметіне қоңырау шалу тегін болмақ
Сурет: Kazpravda.kz

2023 жылдан бастап 1433 анықтама нөміріне қоңырау шалу қалалық және ұялы нөмірден тегін болады.

Биылдан бастап теміржол вокзалдарының анықтама қызметіне ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"1433 анықтама нөміріне қоңырау шалу құны қалалық нөмірден минутына 0 теңгені, ұялы телефоннан минутына 25 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта килентке бағдарлануды арттыру мақсатында «Анықтама қызметін» жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 2023 жылдан бастап 1433 анықтама нөміріне қоңырау шалу қалалық және ұялы нөмірден тегін болады", - делінген Үкімет басшысының жауабында.