Телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылды

Телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылды
Сурет: Рixabay

Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kazteleradio.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың 20 сәуір айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. 

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - деп жазылған сайт таратқан ақпаратта.