Телемедицина орталығының қызметкерлері КВИ жұқтырғандарға кеңес беріп келеді

Телемедицина орталығының қызметкерлері КВИ жұқтырғандарға кеңес беріп келеді
Сурет: Almaty-akshamy

Күніне 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырау байланыстары қаралуда.

Алматы қаласында Телемедицина орталығының қызметкерлері КВИ жұқтырған және ауыратын 3 мыңнан астам науқасқа  қашықтықтан кеңес береді және күнделікті мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгінгі таңда Алматыдағы Телемедицина орталығындағы дәрігерлердің бақылауында 3527 науқас және стационардан кейін 49 науқас бар.

Қазіргі кезде орталықта 52 158 кіріс және 472 043 шығыс қоңырауға қызмет көрсетілді.

Телемедицина орталығы (бұдан әрі - ТМО) үйде ем қабылдап жатқан COVID-19 індетімен ауыратын пациенттерге көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын. ОрталықCOVID-19 дертімен ауыратын пациенттерге, сондай-ақ, қауіп тобына кіретіндерге қашықтан бақылау мен консультация жүргізеді.

«Біз МСАК ұйымдарының мамандарымен жүргізілген офлайн кеңестен соң ТМО мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19 бен ауратын пациенттер бойынша мониторинг жүргіземіз. Емделуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде ТМО мобильдік бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Пациенттерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз»,–  деді ТМО басшының м.а. Жұлдыз Бауыржанқызы.

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарынан COVID-19 ауруына күдіктілерге медициналық көмек көрсету мәселесі жөніндегі кіріс қоңыраулар түскен кезде, мамандар активті қабылдап, тұрғынның тұратын аумақтылығы бойынша қала тұрғынына медициналық көмек көрсету үшін емханаға жібереді, сондай-ақ, вакцинация мәселесі бойынша кеңес береді.

Телемедицина орталығының тәулік бойғы байланыс телефондары: 8 (727) 300 505, ұялы телефоннан қысқа қоңырау 1312 номері арқылы.