Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында дебаттық турнир өтті

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында дебаттық турнир өтті
Almaty-akshamy.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы өзінің фейсбук-аккаунтында мектептер, колледж бен ЖОО-да дебат қозғалысының қайта жандануы мәселесіне көңіл бөлген еді.

Осы орайда, Алматы жастарының арасында дебат ойындарын жаңғырту, жастардың жан-жақты дамуы, олардың азаматтық белсенділігін арттыру  мақсатында Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы және Алматы қалалық “Jas Otan” Жастар Қанатының қолдауымен, "Волонтерлар лигасы" Қоғамдық қоры және Алматы пікірсайыс федерациясының ұйымдастыруымен «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ» тақырыбында  2 күндік «АПФ Премиум 2» пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің бірінші бөлігі онлайн форматта «ZOOM» платформасы арқылы өтті. Қатысушыларды алдын-ала тіркеп,  бас төреші қарсылас командаларды атап өткен соң, «ZOOM»  платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, фракцияларды сессия залдарына өткіздік. Турнир онлайн форматта өткенімен, бір-біріне кедергісіз, тез әрі ыңғайлы өтті.

Жартылай финал “Jas Otan” Жастар Қанатының Алматы қалалық филиалында өтті. Іріктелген 8 фракция арасында тайталас болып, жеңіске №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің “BEST” фракциясы, 2-орынға Құқық колледжінің «BL» фракциясы, ал 3-орынға «Бауырсақтар» және «Автоматики» фракциялары жеңіске жетті.

Дебат ойындарының дамуы жастарымызға үлкен мүмкіндіктер әкеліп отыр. Жаңа форматтардың пайда болуы, ойыншыларға көрсетілетін қолдау пікірсайысты жаңа сатыға көтереді. Жалпы дебат ойындары ораторлық шеберлікті дамытып қоймайды, адамның жан-жақты болуына, ішкі саясат пен сыртқы саясаттан хабардар болуына, саяси пікірдің қалыптасуына, саяси сауатты ұрпақтың өсуіне ықпалын тигізеді.