Тазалықпен айналысу күйзелістен құтқарады

Тазалықпен айналысу күйзелістен құтқарады
Сурет: Modernplace.ru

Мамандардың айтуынша, үй тазалап, заттарды ретпен ұстау күйзелістен құтқарады. Бір жағынан, бұл қолжетімді әдіс болса, екіншіден, эндорфин деңгейін артыруда пайдасы зор екен. Гардеробтағы артық заттардан құтылып, тазалық жасаудың басқа да тиімді жақтарын бүгінде психологтар жиі айтып жүр.

Бақылауда ұстау және қауіпсіздік сезімі

Тазалық жүргізу бізге айналамыздағыны қадағалап және онда не болып жатқанын бақылауда ұстауды сезіндіреді. Психологтардың пайымдауынша, адамдар өмірді бір уыста ұстап тұратындай бақылай алмағанмен, үйіміздің тазалығын қадағалау қолымыздан келеді. Сонымен қатар ондай сезім адамдарда сенімділік тудырып, көңіл-күйге оң әсер етеді екен.

Назарымызды шоғырландыру

Үйдің ішінің ретсіз ыбырсып жатуы адамның тез шаршауы мен стресске ұшырауына тікелей әсер ететін көрінеді. Принстон университетінде жүргізілген зерттеу нәтижесінде ыбырсыған, шашыраңқы бөлмеде көңіл тоқтатып, бір іске ден қою мұнтаздай етіп жиналған, таза бөлмеге қарағанда әлдеқайда қиын екенін көрсеткен. Біздің көзіміз өзіміз айналысып отырған іске еш қатысы жоқ объектілерге назары ауа беретін көрінеді.

Яғни, өзімізге бар ойымызбен алдымыздағы ноутбук экранына ғана қарап отырғандай болып көрінсек те, шын мәнісінде, үстел үстіндегі кофеден қалған шыны, қажетсіз құжаттар, т.б шашылып тұрған заттардың бәрін көзіміз аңғарып тұрады.

Сондықтан жұмыстың өнімділігі артсын десек, таза үстелде, жиналған бөлмеде жұмыс істеген абзал.

Тазалық жасаудың адамға оң әсер ететін тағы бір тұсы – нақтылыққа итермелейді. Зерттеушілердің айтуынша, егер адам алдында не күтіп тұрғанын білсе, ол байсалды болып, өзіне сенімді бола түседі. Адамның миы хаос пен белгісіздікті жақтырмайды. Қандай да бір әрекеттен ми қандай нәтиже болатынын білгісі келеді. Сол себепті де сабырлық сақтап, босаңсудың бір жолы – үйге тазалық жүргізу. Таза бөлме мен ауасы тазарған пәтерден қалай рахаттанатынын білгеннен кейін-ақ адам өзін жақсы сезіне бастайтын көрінеді.

Психиканы тазарту

Шкаф сөрелерін жинап, реттеп отыру тек артық заттардан құтылуға ғана емес, сонымен бірге шашыраған ойларыңызды жөнге келтіруге көмектесетін көрінеді. Айналамызды реттестіруді қаламау – бұл біздің ішкі жан дүниеміздің қандай күйде екенін білдіреді. Депрессияда жүрген адамның бір белгісі - үй жұмыстарын жасауға құлықсыздық танытуы. Өзіміздің айналамызды көптеген қажеті жоқ заттармен толтыру арқылы біз өткеннің құрсауынан шыға алмай, өмірімізге жаңа бір өзгеріс енгізуге қорқатындай сезімді бастан кешіреді екенбіз. Яғни, үйді тазалау арқылы біз миымызды, ойымызды ретке келтіріп, сәл де болса қобалжу мен алаңдаушылықтан арылады екенбіз.

Өзіңе деген сенімділік

Үйді тазалап, бір жөнге келтіргеннен кейін, адамдар басқа да міндеттерді, мейлі ол үйге қатысты болсын, болмаса жұмысқа қатысты істерді қалай бастап кеткендерін өздері де байқамай қалатын болулары керек. Ал жетістікке жету сезімі тағы да алға ұмтылып, жаңа жетістіктерге талпынуға итермелейді. Олай болса, өміріңізді реттеп алғыңыз келсе, жай ғана үй тазалаудан бастап көріңіз!