Тауға шығуға уақытша тыйым салынады

Тауға шығуға уақытша тыйым салынады
inform.kz

Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«31 наурыз бен 1 сәуір аралығында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қиын жағдайға ұрынбас үшін, тау бөктеріне шығуға тыйым салынады», - деп ескертеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы тауларында көшкін қаупі сақталады. Құтқарушылар профилактикалық қар түсіру жұмысын жалғастырып жатыр.

«Шымбұлақ» ТШК аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Аваланчер» пневматикалық қондырғысы арқылы қар көшкіні жүргізілді.

«Түсірілген қардың көлемі - 300 шаршы метр. Түскен масса тау шаңғысы трассасына дейін жетіп, тазалау жұмыстарын ТГК Шымбұлақ бульдозерімен жүргізді», - деп хабарлады ведомстводан.