Тауфик Каримов: Ассамблеяның Жаңа Қазақстанды құруда өзіндік миссиясы бар

Тауфик Каримов: Ассамблеяның Жаңа Қазақстанды құруда өзіндік миссиясы бар
Сурет: Inform.kz

Қазақстан – біздің басты құндылығымыз. 

Қазақстан халқы Ассемблеясының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауын жүзеге асырудағы басты міндеті мен миссиясы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биылғы Жолдау Жаңа Қазақстан мен Екінші республика құрылысының практикалық-материалдық базасын және әлеуметтік іргетасын құрайды. Ұсынылған экономикалық реформалар пакеті дамудың сипатын терең өзгертеді. Яғни азаматтарымыздың әлеуетін ашуға бағыттайды. Әлеуметтік блокты дамыту жөніндегі жүйелі шаралар мемлекеттің барлық саласын – экономиканы, әлеуметтік саланы, саясатты үйлесімді және теңгерімді дамытуды қамтамасыз етеді. Ассамблея Жолдау міндеттерінің тікелей қатысушысы және белсенді іске асырушы. Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңа Қазақстанды құруда өзіндік ерекше миссиясы бар», - деді ҚХА төрағасының орынбасары Тауфик Каримов елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік табысты реформалардың басты шарты болып қала береді.

«Қазақстан – біздің басты құндылығымыз. Сайлау компаниялары мен саяси күштердің бәсекелестік тайталасы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті – жалпыұлттық құндылықтарымызды, мемлекеттік тілді, қоғамдық келісім қағидатын, этносаралық тұрақтылықты қорғау және нығайту», - дейді ол.