Ташкенттегі халық саны 3 миллионға жуықтады

Ташкенттегі халық саны 3 миллионға жуықтады
Сурет: Gazetahimik.ru

Демографиялық ахуал тұрақты

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының халық саны қарқынды артып келеді және бүгінге дейін 3 млн адамға жуықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnform.kz-ке сілтеме жасап.

Ташкент хокимияты статистика басқармасының мәліметінше, жыл басынан ел астанасының халқы 47,1 мың немесе 1,6% артты.

«Астанамыз тұрғындарының саны қарқынды артып келеді. 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, тұрақты халық саны 2 909 500 адамды құрайды. Олардың арасында 1 426 400 – ер адамдар, 1 483 100 – әйелдер», - деді хокимияттың баспасөз қызметінен.

Астананың 12 ауданының арасында демографиялық көрсеткіш бойынша Алмазар, Юнусабад және Шайхантахур алдыңғы орында тұр. Оларда 350 мыңнан астам адам тұрады.

Халық ең аз қоныстанған елді мекендер: Яккасарай - 125,5 мың адам, Бектемір аудандары – 54 мың адамы.