Тарбағатайда 28 тонна шөптің күлі көкке ұшты

Тарбағатайда 28 тонна шөптің күлі көкке ұшты
Сурет: 24.kz

Тілсіз жау...

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 28 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Қысқы мал азығы бірер сағатта күлге айналды. Осылайша жаз бойы қысқа қамданған тұрғындардың бірі шаш-етектен шығынға батты.

Дәл осындай жағдай Бородулиха ауданында да болды.

Сондай-ақ, ауладағы 9 тонна шөп өртеніп, қора-қопсыны қызыл жалын шарпыды.