Тараздық түлектер жол апатына түсті

Тараздық түлектер жол апатына түсті
Cурет: Inform.kz

Техника каналға құлап кеткен

Соңғы қоңырау тараздық оқушылар үшін қайғылы аяқтала жаздады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Мектеп түлектері мінген көлік терең каналға құлап, батып кетуге шақ қалды. Оқыс оқиға Қазақ хандығы монументінің жанында болды. Куәгерлердің сөзінше, оқушылар лық толы оншақты көлік әбден ойқастаған көрінеді. Кенеттен техника каналға құлап кеткен. Бірақ суға батпай, бетонға қиғаштап тұрып қалған. 

Полицияның мәліметінше 21 жастағы жүргізуші көлікті уақытша қалдырып кеткенде 17 жастағы мектеп түлегі рөлге отырған. 

«Жасөспірім тежегіш пен газды шатастырып, жол көлік оқиғасын жасады. Ең бастысы жасөспірім зардап шеккен жоқ. Оқушы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 612 бабы 2-бөлігімен жауапкершілікке тартылды. Және ата-аналарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,-дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.